Жамбыл облысында полицейлер бір адамның өмірін құтқарып қалды

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысында полицейлер дер кезінде қайғылы жағдайдың алдын алды, – деп жазды Polisia.kz.

полиция
Фото: Абай облысы ПД

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері арнайы есепте тұрған азаматтармен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жамбыл ауданында өткізілген осындай кезекті аралау барысында полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алып, бір адамның өмірін құтқарып қалды.

Учаскелік инспекторлар есепте тұрған азаматтарды тексеру кезінде тұрғын үйдің бірінен ер адамды аса ауыр жағдайда тапты. Ол жатын бөлмеде жылыту құбырына асылып, өмірмен қоштаспақ болған.

Полиция қызметкерлері тез арада ішке кіріп, кәсіби үйлесімді әрекеттерімен ер адамды босатып алды. Сондай-ақ, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккен азамат жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі таңда оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адамның туыстары өмірін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне шынайы алғыс білдірді. Олардың кәсібилігі, жеделдігі мен жағдайға немқұрайлы қарамағаны үшін ризашылықтарын жеткізді.

Бұған дейін Павлодар облысында такси жүргізуші зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар