Жамбыл облысында прокуратура араласқан соң 146 жұмысшының жалақысы төленді

АСТАНА. KAZINFORM —  Жамбыл облысы прокурорларының араласуынан кейін жалақы бойынша берешек өтелді. 

Жамбыл облысында прокуратура араласқан соң 146 жұмысшының жалақысы төленді
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Байзақ ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

«Байзақ су» ШЖҚ МКК қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлау нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында 18,2 млн теңгеге 146 жұмысшылардың алдында берешек пайда болғаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Биыл Жамбыл облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1 213 жұмысшы алдында жалақы бойынша 241 млн теңге берешекті өтеу қамтамасыз етілді.

Жалпы өңір прокурорлары 16 мыңнан астам жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғады.

Айта кетелік Атырауда мемлекеттік балабақша қызметкерлері 3 айдан бері жалақы алмағаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар