Жамбыл облысында жолда қалған адамдарға қырғыз құтқарушылары көмекке келді

Қазақстанда қарлы боран салдарынан 100-ден астам көлік Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауында қалды.
Қырғыз ТЖМ мәліметінше, 14 желтоқсанда жолаушылар мінген 100-150 шамалы көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қалып, Қырғызстанға өте алмай қалған.
Оларды құтқаруға Қазақстан тарапынан 99 құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды.
Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы, 5 ауыр техника, бір жүк көлігі және 2 қарда жүретін көлік жіберді.
«Сағат 03.05-те құтқарушылар „Ақ-Жол“ бақылау-өткізу бекетіне аттанды. Сағат 08.15-те олар Қазақстан аумағында болды», — деп атап өтті Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінен.
Қырғызстан мен Қазақстан дағдарысты басқару орталықтары арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бес көлікпен еріктілер кедергісіз өтіп жатыр.
Қар құрсауында қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.