Жамбыл облысының Қордай ауданында 2 балл көлемінде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 10:13 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

зілзала
Фото: Pixabay

Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің координаттары — 43.21 75.20.

Қазақстан Республикасының аумағында, атап айтқанда Жамбыл облысы Қордай ауданында 2 балл көлемінде сезілді. 

Соңғы жаңалықтар