Жамбыл облысының ветеринариялық пункт салу тәжірибесі республикаға таралады

АСТАНА. KAZINFORM – Жамбыл облысында жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүріп жатыр. Оның алғашқысы Байзақ ауданында пайдалануға берілді. 

Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Өткен аптада Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы мен мүшелері, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ республиканың басқа өңірлерінің ветеринарлары аталған нысанмен жан-жақты танысты. Сондай-ақ делегацияға ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде баяндалды.

Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жалпы, өңірде 75 ветеринариялық пункттің қажеттілігі анықталған. Осы мәселені шешу мақсатында биыл емдеу алаңдары бар, бірыңғай жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған, оның 20-сы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатыр.

2026 жылы 35 ғимарат құрылысы жүргізіледі деп күтіліп отыр.

Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, Жамбыл облысы ветеринария саласына жаңашылдықтар енгізу бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Әсіресі, ветеринариялық пункттер салу жобасы тиімділігін көрсетіп отыр.

Айта кету керек, облыста 2025 жылы ветеринария саласын дамытуға 4,6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық.

Салада 1 055 маман еңбек етеді, соңғы екі жылда жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға өсті.

Ветеринариялық станцияларда 316 қызметтік техника бар. Биыл облыстық бюджет есебінен 50 жаңа автокөлік сатып алынды.

Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Бұдан бөлек, ветеринарлар 160 дана термосөмкемен қамтамасыз етілді. 29 млн теңгеге маусымдық қызметтік киім сатып алу көзделіп отыр.

Жамбыл облысының ветеринариялық пункттер салу тәжірибесі республикаға таралады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Облыс аумағында 48 биотермиялық шұңқыр бар. Биыл 25 шұңқыр құрылысын жүргізу жоспарланып, 13-нің құрылысы қарқын алған. Қалған 12 шұңқырдың жер телімі нақтыланып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар