Жамбылда мотокөлік жүргізушілерінің заңбұзушылығы жиілеген

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында үш күн ішінде мотокөлік жүргізушілері тарапынан 236 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды полиция департаменті.

Жамбыл облысында мотоцикл мен мопед жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынды
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Ведомство мәліметінше, рейд барысында мотокөлікті мас күйінде басқарудың 5 дерегі, жүргізуші куәлігі немесе қажетті санаты жоқ 57 жағдай тіркелген.

- Сондай-ақ 8 жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 жағдайда мопед пен скутерді тіркеусіз басқару фактісі анықталған, - деп жазды ведомстводан.

Құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында 99 мотокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол қауіпсіздігінің басты кепілі екенін еске салып, екі доңғалақты көлік иелерін заң талаптарына мұқият қарауға шақырады.

Айта кетейік, жамбылдық полицейлер жолаушылар тасымалына тексеруді күшейтті.

Соңғы жаңалықтар