Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының көрші елдермен шекаралас аудандарының тұрғындары Beeline желісінде енді ең төменгі тарифпен сөйлесе алады

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының Қырғызстан мен Өзбекстан республикаларымен шекаралас аудандарының тұрғындары Beeline желісінде енді ең төменгі тарифпен сөйлесе алатын болды,

Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының көрші елдермен  шекаралас аудандарының тұрғындары   Beeline желісінде енді ең төменгі тарифпен  сөйлесе алады
деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұялы байланыс операторының бұл тарифін Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарының және Жамбыл облысының Мерке, Луговой, Қордай кенттерінің тұрғындары пайдалана алады. Олар желі ішінде өзара 2 теңгеден, ал басқа операторларға минутына 9,9 теңге төлеп хабарласуға мүмкіндігі бар. Бұл үшін абоненттер роуминг қызметін ажыратуы керек.