Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысы бойынша ІІД-де Ғазиз Байтасовтың, Полат Аянқұловтың және Жақсыбек Байсеитовтың құрметіне «естелік тақтасы» ашылды

РАЗ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы бойынша ІІД-де 12-ші қарашадағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған полиция қызметкерлерінің құрметіне «естелік тақтасы» ашылды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысы бойынша ІІД-де Ғазиз Байтасовтың, Полат Аянқұловтың және Жақсыбек Байсеитовтың құрметіне «естелік тақтасы» ашылды

Қайғылы оқиғадан 40 күн өткеннен кейін, ашылу салтанаты мен гүл қою рәсіміне қайтыс болғандардың туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері, ІІД-нің жеке құрамы, қалалық және облыстық әкімшіліктің, құқық қорғау органдарының, өңірдің және БАҚ-тардың жетекшілері қатысты.

Мемориалды тақтаға полицейлердің батыры Ғазиз Байтасовтың, Полат Аянқұловтың және Жақсыбек Байсеитовтың суреттері, сонымен қатар оларды жоғары наградамен марапаттау туралы Елбасының жарлығы бейнеленген. Жиналғандар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қайтыс болғандардың отбасыларына ашық дербес шотқа түсіп жатқан материалдық көмек берілді. «Қайтыс болғандардың отбасыларына көмек бергісі келетіндердің саны күн сайын көбейіп келеді», - деп атап өтті баспасөз қызметі.