Жамбыл облысы тұрғындарының және кәсіпорындарының коммуналдық қызметтерге берешегі 2 есеге азайды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тамызда коммуналдық қызмет жеткізушілеріне Жамбыл облысы халқының, кәсіпорындарының берешегі екі есеге төмендеді.

Жамбыл облысы тұрғындарының және кәсіпорындарының коммуналдық қызметтерге берешегі 2 есеге азайды

Бұл туралы облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұхтар Төлеулиев хабарлады.

Ол коммуналдық кәсіпорындар жиналған қарыздарды өндіріп алу бойынша халықпен белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Өңірде жылыту маусымына дайындық аяқталып келеді. М. Төлеулиевтің айтуынша, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық нысандары, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мекемелері мен тұрғын үй секторы қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір. Барлық жоспарланған 113 қазандық, 54 қазан, 31,1 шақырым жылу желілер жөнделді.

«Өңір 2014-2015 жж. жылу маусымына жүз пайызға әзір», - деп түйіндеді басқарма басшысы.