Жамбыл облысы «Zhambyl-Invest-2012» халықаралық инвестициялық форумына дайындалып жатыр

«Өңірдің инвестициялық қарқынын ынталандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін және Жамбыл облысының әкімдігінің өңіраралық байланысын дамыту дамуы аясында 2012 жылдың бірінші жартысында «Zhambyl-Invest-2012» халықаралық инвестициялық форум өтеді деп жоспарланған», - деп атап өтті әкімнің баспасөз қызметі.
Форумның жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, сонымен қатар шетелдік компаниялардың, республика және өңір бойынша ірі және орта бизнестің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Әлеуетті инвесторларға инвестициялық жобаның дерекқоры ұсынылатын болады, оның ішінде, облыстың экономикасына қатысты екі маңызды мега-жоба бар. Атап айтқанда, «Тараз» логистикалық агроөңдеу орталығының құрылысы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қатысуымен Тараз «Химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құруға байланысты жобалар ұсынылады.
Тек соңғы 10 жылда Жамбыл облысының өнеркәсіп секторына 156,6 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл ретте төрт мыңнан астам жұмыс орны ашылған, деп атап өтті әкім облысының баспасөз қызметі.