Жамбыл облысынан 9 адам сенаторлықтан үміткер
ТАРАЗ. 2 шілде. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының 9 тұрғыны Парламент Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелуге өтініш берді, деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.
Комиссия төрағасының орынбасары Надежда Врублевскаяның айтуынша, бұл елімізде қос палаталы парламент құру жөніндегі 1995 жылғы жаңа сайлау заңнамасы қабылданғаннан бергі рекордтық көрсеткіш.
Өтініш бергендердің барлығы «Нұр Отан» партиясының өкілдері, сегізі - ер азаматтар. Бүгінгі таңда үміткерлердің үшеуі ғана тіркеуден өтті.