Жамбыл облысында 1 қыркүйекте жеті жаңа мектеп ашылды (ФОТО)

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Білім күнінде Жамбыл облысында 7 мектеп пайдалануға берілді.
Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкірекбаев Шу ауданы Бірлік ауылындағы М.-Х. Дулати атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Мектептің құрылыс жұмыстары өткен жылдың маусым айынан басталған болатын. Мердігер компания - «Ник Тараз» ЖШС.
Жобаның сметалық құны 930,327 млн. теңгені құрайды. Мектептің жалпы сыйымдылығы 650 оқушы, ғимарат екі қабат және 3 блоктан тұрады. Жаңа мектепте 40 мұғалім қызмет етеді, оның ішінде 63 мұғалім жоғары білімді болса, ал 7 мұғалім орта білімді маман. Жаңа мектеп барлық қажетті материалды-техникалық жабдықтармен жабдықталған.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданы Еңбек ауылында 120 орынға арналған орта мектеп, Қордай ауданы Қақпатас ауылындағы 250 орындық орта мектеп, Қордай ауылындағы 300 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Интернациональное ауылындағы 300 орындық орта мектеп, Т.Рысқұлов ауданы Юбилейное ауылындағы 300 орындық орта мектеп, Шу ауданы Бірлік ауылындағы 600 орындық орта мектеп және Бөлтірік ауылындағы 150 орындық мектеп ашылды.
Әкімдікте атап өткендей, ағымдағы жылдың соңында 6 нысан (2 мектеп, 4 балабақша) пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жамбыл облысы бойынша 2015-2016 оқу жылына мектеп оқушыларының оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға, тасымалдауға 918,7 млн. теңге бөлінді.
Бүгін әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылды, деп атап өтті Жамбылской облыстық әкімдігінде.