Жамбыл облысында 15 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша 2023-2024 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Әзірге өңірде 1 сыныпқа құжаттары қабылданған оқушы саны – 15 489, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өтініш ата-аналардан egov.kz электронды порталы арқылы және қағаз түрінде екі тәсілмен қабылданып жатыр.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Қажетті құжаттар тізімінің қатарында ата-ананың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, баланың 3х4 көлеміндегі екі фотосуреті.

Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау үшін білім беру ұйымдары 15 маусымға дейін дербес белгілейтін конкурстық негізде емтихандар өткізеді.

Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа болжам бойынша 24 мыңнан астам оқушы келеді деп күтіліп отыр.

Бұған дейін Жалпы білім беретін мектептің ерекше қажеттілігі бар баланы қабылдамауы заңсыз екендігін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар