18:11, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында 2010 жылы 20 балабақша және 46 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашу жоспарланған
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында 2010 жылы 20 балабақша және 46 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашу жоспарланып отыр,
деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.
1 460 орындық алты балабақша республикалық бюджет есебінен салынады, 14 балабақша бұған дейін жекешелендірілген, кейіннен мемлекетке қайтарылған үйлердің есебінен ұйымдастырылады. Мектептердің жанынан - 41 мектепке дейінгі шағын орталықтар және тағы бесеуі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан ашылады.
Облыстық білім басқармасының деректеріне сай, облыста бүгінгі күні 133 мектепке дейінгі мекемелер және 50 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс істейді. Оларда 20 992 бала қамтылған.