Жамбыл облысында 300 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Still image: t.me/qr_tjm

Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар