Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында 32 мектеп апатты жағдайда - прокуратура

ТАРАЗ. 21 маусым. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 32 мектеп апатты жағдайда, деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Сандуғаш Сақыпбекова.

Жамбыл облысында 32 мектеп апатты жағдайда - прокуратура

Оның сөзіне қарағанда, облыстық прокуратура сәулет және құрылыс қызметі, төтенше жағдайға дайындық, сондай-ақ облыстық білім беру мекемелерінің сейсмо тұрақтылығы жөнінде заңнама қаншалықты орындалатынын тексерді.

«Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың апатты жағдайдағы мектепте білім алып жатқандығы туралы факті бар. Бұл өте қауіпті. Өңірде апатта жағдайда тұрған 32 мектеп бар. Олардың 9-ы - Қордай, 6-уы - Шу, 5-уі Жуалы аудандарында орналасқан. Жамбыл ауданында - 4, Сарысуда -3, Меркеде - 3 және Талас ауданында 2 апатты жағдайда тұрған мектептер бар», - деді прокурор.

Жуалы ауданы прокуратурасының комиссиясы жүргізген тексеру нәтижелеріне қарағанда, сейсмо құрылыстың талаптарына сай келмейтін 5 мектеп анықталды.

Онымен бірге Жуалы ауданындағы Қошқарата, Ынтымақ, Ақтасты ауылдарындағы мектептердің жағдайы көңіл көншітпейді.

Тексеру амалдары көрсеткендей, Қордай ауданында 1923 жылдан бастап 1975 жылдары салынған апатты жағдайдағы 9 мектеп анықталды. Сарысу, Мерке және Талас аудандарында да осындай жағдай орнады.

Шу ауданындағы 6 мектепте 1 281 бала оқиды, 210 адам жұмыс істейді.

Прокуратуралық тексерудің нәтижесіне сәйкес, облыс әкімдігіне заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде ұсыныс жіберілді.

Жамбыл облысында орта білім беретін 456 мектеп бар, оларда 180,5 мыңнан астам бала оқиды.