Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында 3900 мың тонна астық бастырылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қолайлы ауа райы мен жауын-шашын егіннің бітік шығуына оң ықпал етті, қазір жинау жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Жамбыл облысында 3900 мың тонна астық бастырылды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыста шаруашылықта өсімдік шаруашылығы  29,2%-ды құрады.

Бүгінде 180,6 мың га дәнді дақыл жиналды, бұл 73 пайызды құрайды. Бұл ретте дәнді дақылдың орташа өнімділігі рекордтық көрсеткіш - гектарына 22 центнерге жақын. Өткен жылғыдан 5,8 га/ц көп.

Сонымен Мерке ауданының «Сыпатай батыр» ЖШС егісінде жауын-шашынды ауа райының,   егіс материалының   жоғары сұрыптылығының арқасында25 га/ц бидай, 46,2 га/ц арпа жиналды, бұл облыстың орташа көрсеткішінен жоғары. Жұмысқа 608 комбайн тартылып, 14 мың тонна, оның ішінде шілдеге 4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Тұтастай, шаруашылық 400 тоннадан астам дәнді масақты дақыл жинады. Жоспарланғаннан 107 пайыз шөп дайын. Жем-шөп әзірлеу жалғасуда. Енді   800 га күздік  дақылды орналастыру жоспарда.

Ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес биыл өңірде 247 мың га дәнді масақты дақыл жиналады. Егіс алаңына 6 мыңнан астам техника жұмылдырылып, литріне 80-90 теңгеден 14 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Еске салсақ, 2014 жылы құрғақшылық жылы өңірде дәнді масақты дақылдың орташа өнімділігі гектарына 8,3 центнерді құраған. 2015 жылы 16, жеке аудандарда 17,3-ті құраған.