Жамбыл облысында 60-қа жуық ауылға газ тартылады

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында тағы 60-қа жуық ауылдық елді мекендер газбен қамтамасыз етіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, облыста 373 елді мекен бар. Оның ішінде тек 58 ауыл 2009 жылдың басында газбен қамтылған. Төрт жылда «көгілдір отын» таңы 30 ауылға тартылды. Осы мақсатқа бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталды. Бүгінде 88 ауыл газбен қамтамасыз етіліп отыр.
«Биыл тарату желілерінің құрылысы 18 ауылда жүріп жатыр және бұл жұмыстар 2014 жылға белгіленді. 2014 жылдағы бюджет жобасына тағы 59 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге қосу жоспарлануда»,-деді Қ. Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар