Жамбыл облысында 94 әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеуге жұмсалған 740,0 млн. теңгенің 566 миллионы игерілді
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Жол картасы» бағдарламасының аясында Жамбыл облысында 94 әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеуге 740 миллион теңге қарастырылған.
Биылғы жылдың қыркүйек айының 15-індегі мәліметтер бойынша аталған соманың 566 миллион теңгесі игеріліп, осы бағыттағы жұмыстар бойынша 1 мың 287 адам еңбекпен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ аймақта 43 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды. Олардың 36-сы кітапхана да, 7-уі клубтар. «Жол картасының» инвестициялық бағыттағы жобаларына және кадрларды дайындау мен қайта дайындау жұмыстарына 883,3 миллион теңге жұмсалған. Сөйтіп, оқуға дайындық жұмыстарына 6 мың 10 адам жіберіліп, олардың 1 мың 623-і жұмысқа орналастырылды.