Жамбыл облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер болмайды

Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасының ақпаратына қарағанда, Жамбыл облысындағы құрылысқа бөлінген ақша 25,2 млрд теңгені құрайды.
Оның ішінде 20 білім беру нысаны мен 5 жобалық-сметалық құжаттарға 2017 жылы 6,05 млрд теңге бөлінген. 20 жаңа білім беру нысандарының ішінде - 14 мектеп, 3 мектепті кеңейту, бір жаңаланған ғимарат, колледждің қосымша ғимараты, кәмелет жасқа толмағандарға арналған ребилитациялық орталық бар. Құрылыс Қазақстанның Ұлттық қоры есебінен жүргізіледі.
2017 жылдың басында облыста үш ауысымдағы 5 мектеп жоспарланған болатын. Үш ауысымды жоюға «Нұрлы жол» бағдарламасы брйынша Ұлттық қордан 2,3 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Меркі ауданындағы орта мектептің құрылысы аяқталды. 2018 жылы үш ауысымды тағы үш мектептің (Тараздағы N24 гимназия, Шөлдала қала сыртындағы алап пен Байзақ ауданы, Байзақ ауылында) құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар 2018 жылы оқу режимінің дұрысталуы Байзақ ауданындағы Ақшолақ станциясы мектебінде де күтілуде. Оған қоса, облыста апаттық жағдайда сегіз мектеп тіркеуде тұр. 2016 жылы Таразда Ұлттық қор қаражатына бұзылған ғимараттың орнына №30 орта мектептің құрылысы басталды, ал жергілікті бюджет есебінен Сарысу және Талас аудандарында екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. 2017 жылы жергілікті бюджеттен ескірген төрт мектептің орнына 802,4 млн теңге бөлінген. Қалған апаттық жағдайда тұрған мектептердің құрылысы 2018-2019 жылдарға жоспарланған.
«Екінші қыркүйек күні Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы 600 адамдық мектеп және Арал-Қыстақ ауылында 50 адамдық мектеп оқушыларға өз есігін ашады. Сонымен қатар Сарысу ауданы Досбол ауылында - 50, Таразда 1000 оқушыға арналған мектеп ашылады», - деді облыстық әкімдіктің білім бөлімінің бастығы Рахия Тұрмағанбетова.