17:41, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Жамбыл облысында әскерге шақыру бөлімінің басшысы 60 мың теңге пара алғаны үшін ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Байзақ аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы аға лейтенант Т.Ерсейітовты ұстады.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Т.Ерсейітов қызмет бабын асыра пайдаланып, әскери қызметке жарамсыздық бойынша әскери билетті жеке тұлғаға 60 000 теңгеге дайындап беру үшін пара алған.
Қазір күдікті ұсталып, Тараз қ. ІІБ уақытша изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.