Жамбыл облысында астық жинау жұмыстары аяқталды (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық диқаншылар 2015 жылғы жинау науқанында 385 мың тоннадан астам астық бастырды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

«Ауа райының қолайлы болуы мен сауатты аграрлық технологияларды пайдаланудың арқасында астық пен өнімділік көлемі жоспарланған көрсеткіштен асты, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.

- Көктем мен жаздың басында жаңбыр жақсы жауды. Орташа өнімділік 14 - 15 центнер болады деп болжанған, алайда ол 16 центнерге жетті, ал кей аудандарда гектар өнімділігі 17,3 центнерді құрады».

Еске сала кетейік, 2014 жылы Жамбыл облысында құрғақшылық салдарынан масақты дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 8,3 центнерді ғана құраған.

Биыл аймақта дәнді масақты дақылдарға 241,6 мың га жер бөлінген.

Жамбыл облысы өзіне қажетті дәнді дақылдардың 60 пайызын ғана қамтамасыз ете алады. Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев ауыл шаруашылығы басқармасына Қазақстанның солтүстік облыстарынан астық сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар ол энергия құнының арту мүмкіндігіне байланысты нан бағасының қалыптасуын бақылап отыруды жүктеді.

Биыл жамбылдық егіншілер ауыл шаруашылық дәндері егілген 557, 3 мың га жерді жинауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар