Жамбыл облысында автобус жүргізушілерінің 335 жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды

ТАРАЗ. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында өткен «Автобус» операциясының қорытындысы бойынша, өңірдегі жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері 335 жол жүру ережесін бұзғандығы анықталды.

Жамбыл облысында автобус жүргізушілерінің 335 жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды

Бұл туралы Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Облыс әкімдігінің көліктік бақылау, құрылыс, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасымен бірлесе отырып жүргізген «Автобус» іс-шарасының үш күнінде жол жүру ережесін бақылау үшін ашық, жабық және аралас форматтағы 46 рейд ұйымдастырылды», - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі Роза Қалдыбекова.

Он жүргізуші өз көліктерін тиісті құжаттарсыз жолға шығарса, мас күйінде көлікке отырған екі жүргізуші анықталды. 26 жүргізушіден мемлекттік нөмер тәркіленіп алып, автокөлік құралын пайдалануға тыйым салынды.