Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында балаларды мектепалды тәрбиемен қамту 33 пайыздан 42 пайызға дейін өсті

ТАРАЗ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында балалардың 42 пайызы мектепалды тәрбиемен қамтамасыз етілген, деп мәлімдеді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Таразда өткен білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде.

Жамбыл облысында балаларды мектепалды тәрбиемен қамту 33 пайыздан 42 пайызға дейін өсті

«2010 жылмен салыстырғанда облыстағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 38 балабақшаға және 125 мектепалды шағын орталыққа көбейді. Мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген балалардың саны 32 мыңнан асты», - деді ол.

Президенттің «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында 2011 жылы 18 балабақша және 55 шағын орталық ашылды. Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 33 пайыздан 42 пайызға дейін өсті.

Бұл істен облыстағы бизнес те шетте қалған жоқ. 2011 жылы 950 орынға арналған 8 жекеменшік мектепалды мекеме, 2012 жылы - 565 орындық тағы 5 балабақша ашылды.