Жамбыл облысында балық аулау маусымы ашылды

«Енді балықшыларымыз заңды түрде балық аулай алады», - деді әуесқой балықшы, жамбылдық суретші Мұхамет-Омар Паншаев.
Бұл күнде аймақтағы кәсіпкерлердің салаға ден қойып, дамытуының арқасында балық аулау квоталары кеңейген. Балық шаруашылығының облысаралық Шу-Талас бассейн инспекциясының мәліметтерінше, 2013 жылы балық аулау квотасы Балқаш көліндегі ірі кәсіпті есепке алмағанда 189 тоннаны, 2014 жылы - 410 тоннаны, ал биылғы жылы - 423 тоннаны құраған.
Ведомствода түсіндіріп өткендей, аймақта заңсыз балық аулауға күн сайын бақылау жүргізіп екі инспекторлық топ жұмыс істеп отыр. Мемлекеттік инспекторлар ау салып, электр қармақтары немесе электр сымдарына салынған тыйымды бұзушы браконьерлерді анықтайды. Жыл басынан бері бірнеше ондаған хаттама толтырылып, бір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жамбыл облысының балық шаруашылығы қоры 27, 8 мың гектар жерді алып отыр. Аймақтағы барлық суаттардың ішінде 73-і балық шаруашылығына жарамды. Жамбыл аймағында кәсіптік балықтардың басым түрлерінің арасында дөңмаңдай, ақ амур, тұқы, сазан, көксерке, ақтабан, краль, қаракөз бар.