Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында бекіре уылдырығын өндіре бастады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында бекіре уылдырығын өндіре бастады, деп хабарлады аталмыш облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Жамбыл облысында бекіре уылдырығын өндіре бастады

Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-сінде бекірелерді өсіретін жасанды су айдындары салынды.

Серіктестік басшысы, облыстық маслихат депутаты депутаты Халит Базаралиевтың сөзіне қарағанда, Германиядан бекірелердің шабақтары мен ересек түрлері әкелінген. Қазір су айдындарында екі жарым мың бекірелер шабақтары мен сексен ересек балық мекендейді. Шаруашылық өз өнімін саудаға көптеп шығаруды жоспарлап отыр.

Күзге қарай жамбылдықтар отандық бекіре уылдырығының дәмін татуға мүмкіндік алады.