09:03, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар аймақ экономикасын тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап. Жергілікті өкімет әзірлеп отырған өңір экономикасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес облыстың ірі және орта кәсіпорындарымен бірлесіп өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, өндіріс көлемі және дайын өнімдер бағасын төмендету, жұмысшыларды босап қалған жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу пайымдалып отыр. Сондай-ақ ірі және орта кәсіпорындармен, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, кәсіпорын базаларында мамандар дайындау және қайта дайындау жөніндегі меморандумдар жасалмақ. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚазАгро» холдингінің қолдаулары қажет болатын облыстағы инвестициялық жобаларының тізімі де анықталып отыр.