Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өткен аптада болған 30 градустық аптап ыстықтан кейін Жамбыл өңірінде күн күрт суытты.
None
None

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметтерінше, 15-16 қазан күндері Жамбыл облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын түседі. 15 қазанға қараған түні таулы аудандарда нөсер жауып, соңы қарға ұласады.

Сондай-ақ аймақта ауаның температурасы түнде 2-7 градус, кей жерлерде 3 градус суықты, күндіз 8-13, кей жерлерде 16 градус жылылықты көрсетеді.

Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаментінен Тараз қаласы, аудандар әкімдеріне, облыстық АҚ және ТЖ қызметтері башсыларына алдын алу шараларын өткізу қажеттілігі туралы телефонограммалар жіберілді.

Барлық жергілікті телеарналардағы «жүгіртпе жолдарында» дауылды ескертудің мәтіні жарияланып отыр.

Соңғы жаңалықтар