Жамбыл облысында дизельді отынмен жүретін жолаушылар көліктерінің жолда тоқтап қалу жағдайлары жиілеп кетті
РАЗ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында дизельді отынмен жүретін жолаушылар көліктерінің жолда сынып, тоқтап қалу жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ТЖД хабарлады.
«Жамбыл облысында ауа температурасының түнде 30 градусқа, ал күндіз 15-20 градусқа төмендеуіне байланысты дизельді отынмен жүретін жолаушылар көліктерінің жолда сынып, тоқтап қалу жағдайлары жиілеп кетті», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Мәселен, кеше сағат 04:26-да Шымкент-Алматы тпас жолының 557-ші жашықырымында республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент жолында дизелді отынмен жүретін «Сетра» маркалы автобус аяздың салдарынан қатып, тұрып қалған. Автобуста 40 адам, оның ішінде 8 бала болған.
«Оқиға орнына Жуалы ауданының 11-ші өрт құтқару қызметінің бөлімі, сондай-ақ жол полиция қызметкері мен аудандық ТЖ бөлімі мамандары жіберілді», - деді Р. Иманқұлов.
Сонымен қатар осындай оқиғалар Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылына жақын жердегі Алматы-Ташкент жолының 423-ші шақырымында және Алматы-Ташкент жолының 523-ші шақырымында Жамбыл ауданы аумағында орын алған. «Жалпы алғанда осы автобустарда 60 адам, оның ішінде балалар болған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңыздағы жолдар, оның ішінде Қордай, Құйық, Шақпақ-ата және Хантау асулары жол қозғалысы үшін ашық. Ал жолдардың қауіпті аумақтары техникамен тазаланып, топырақ себіліп жатыр, деп хабарлады ведомство қызметі.