Жамбыл облысында энергетика басқармасының жаңа бастығы тағайындалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Тұяқов Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Ж.Тұяқов 1967 жылы өмірге келген. Алматы мемлекеттік медициналық университетін, экономика және құқық институтын аяқтаған. Мамандығы экономист, дәрігер.
Алматы қаласының коммерциялық құрылымдарында, «КЕGOC» АҚ экономикалық департаменті коммерциялық басқармасының бастығы, экспорттық бақылау мен лицензиялау департаментінің директоры, «Электр энергиясы мен қуаттық қазақстандық нарық операторы» ЖАҚ басқармасының бастығы, «КЕGOC» АҚ филиалының директоры, «Талдықорған көліктік электр желілері акционерлік компаниясы» ААҚ президенті болып жұмыс істеген. «КЕGOC» АҚ-ның басқарушы, атқарушы директоры болған.
2010 жылдың мамыр айынан бері Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.