Жамбыл облысында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ерік Әубәкірұлы Көшербаев Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады zhambyl.gov.kz.

 Жамбыл облысында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Көшербаев Ерік Әубәкірұлы 1956 жылы туылған, білімі жоғары, 1982 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Жамбыл қаласының «Запчасть» зауытында фрезерші болып бастаған. 1982-1986 жылдары Шымкент қаласы «Фосфор» Шымкент өндірістік бірлестігінде шебер, аға шебер, аға инженер-мехник; 1986-1989 жылдары Жамбыл қаласының «Запчасть» зауытында механик, цех бастығының орынбасары, цех бастығы; 1989-1991 жылдары Жамбыл қаласы «Химпром» Жамбыл өндірістік бірлестігі жанындағы жөндеу-механикалық зауытында бас инженер; 1991-1992 жылдары Жамбыл қаласы құйма зауытының директоры; 1992-1994 жылдары Тараз қаласы «Химпром» АҚ-ның бас инженерінің м.а, бас инженер, жаңа техника және күрделі құрылыс жөніндегі вице-президенті; 1994-1996 жылдары Тараз қаласында Авторемзавод мекемесінің бас инженері; 1996-1997 жылдары «Запчасть» зауытының директоры; 1997-1999 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары, 1999-2004 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының өнеркәсіп, сауда және энергетика бөлімінің меңгерушісі; 2005-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры; 2007-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы; 2011-2012 жылдары Тараз қаласында «Жаңатас» мекемесінің атқарушы директоры; 2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры; 2014-2015 жылдары аралығында Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.