Жамбыл облысында «Қарасу» шекара заставасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) Жамбыл облысы бойынша департаменті жеңілдетілген сот алды өндірісі тәртібінде ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі Қордай ауданы 2038 ә/б «Қарасу» шекара заставасының бастығына қатысты қылмыстық істі қозғап, аяқтады.
None
None

Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 2-бөлімі (пара алу) бойынша айыпталуда.

Тергеу хабары бойынша, ағымдағы жылдың 20 және 21 қыркүйегінде ол бір азаматтан ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы халық тұтынатын тауарды кедергісіз алып өту және әрі қарай бүркемелеу үшін жалпы сомасы 2 мың АҚШ доллар пара алған.

Қылмысқа қатысқандардың аттары және істің мән-жайы тергеу аяқталғанға дейін хабарланбайды.

Соңғы жаңалықтар