18:07, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында кәсіпорындарды халықаралық сапа жүйесіне жеделдетіп көшу жоспары жүзеге асырылуда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2010 жылға дейін Жамбыл облысындағы 113 кәсіпорын мен мекемеге ИСО халықаралық стандарттарын енгізу жоспарлануда, бұл аймақ экономикасының халықаралық сапа жүйесіне жеделдетіп өту туралы жасалған жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Жамбыл облыстық әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ИСО жүйесі қазірдің өзінде Жамбыл облысындағы 85 кәсіпорын мен ұйымға енгізілді. Салыстыру үшін айтатын болсақ, 2004 жылы менеджмент сапасы жүйесі облыстағы 5 кәсіпорынға енгізілген болса, бұл көрсеткішке 2005 жылы ? 9, 2006 жылы ? 10, 2007 жылы ? 25, ал өткен жылы ? 36 кәсіпорын ие болды.