Жамбыл облысында Қазақстандағы бірден-бір қуатты химиялық кластер дамитын болады - Н. Назарбаев

Тараз химия-технологиялық колледжінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. «Мұнда фосфорит кеніштері есебінен жұмыс істейтін Қазақстандағы бірден-бір қуатты химиялық кластер дамитын болады, - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев. - Жамбыл облысында «Қазфосфат» дамып отыр. Ресейлік «Еурохим» компаниясын шақырдық. Шу ауданында химиялық парк дамытылатын болады. Экономиканың осы сегменті үшін бізге инженер-химиктер, білікті жұмысшылар қажет».
ҚР Президенті Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде бүгінде сол аймақтардың өнеркәсіп өндірістері үшін қажетті белгілі бір жұмысшы мамандықтары дамып отырғанын атап өтті.
«Бұл колледжді мемлекет сіздер арқылы химия саласының мамандарын даярлау үшін салды. Елге өндіруші, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындарда жұмыс жасай алатын инженер-химиктер, білікті кадрлар қажет. Колледждер менің нұсқауыммен бүкіл Қазақстан бойынша құрылып жатыр, индустриялық бағдарламаны кадрлармен қамтамасыз ету үшін 9 университет таңдалып алынды. Егер осы зауытта жұмыс жасайтын адамдар болмаса, зауыт қалай жұмыс жасайды. Осындай колледжде мамандық алып, ертең-ақ жас адамдар Қазақстанның барлық түпкірінде жұмыс жасай алатын болады. Оқыңыздар, сіздерге үлкен табыстар тілеймін!», - деп сөзін түйді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Жамбыл облысында жұмыс сапарында болып, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған форумға қатысты.