Жамбыл облысында көліктер жанып жатыр

ТАРАЗ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен аптада үш көлік жанып кетті - Жамбыл облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің жедел ақпары осындай болды.

Жамбыл облысында көліктер жанып жатыр

«Таразда, сондай-ақ Талас ауданында, Қаратау-Тараз көлік жолының үшінші шақырымында екі автокөлік - «Форд Сиерра» мен «Мицубиси-Паджеро» өртенді. Екі оқиғада да өртке себеп болған - көліктердің моторлы отсектеріндегі электр сымдарының  тұйықталуы», - деп баяндады ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.

Автокөліктің тағы бір жануы облыс орталығындағы жеке тұрғын үйдің ауласында тіркелді. Мұнда 1993 жылы шығарылған «Мицубиси-Паджеро» көлігі жанды. «Бұған тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болды», - деп түсіндірді Р.Иманқұлов.

Келтірілген материалдық зиян анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Бұдан басқа, өткен аптада Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылындағы тұрғын үйінде өрт шықты. «Өртті сөндіру кезінде екі адам құтқарылды. Оның себептері мен келтірілген материалдық зиян анықталу үстінде», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.