Жамбыл облысында көліктердің жанып кетуіне байланысты бірнеше оқиға тіркелді
ТАРАЗ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында өткен аптада көліктердің жанып кетуіне байланысты бірнеше оқиға тіркелді, деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Мәселен, Шу ауданының Төле би ауылында тұрғын үйдің ауласында «Мerсedes-Benz 230» маркалы автокөлік және 100 шаршыметр аумағында гараждың төбесі жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын, өрттің салдары анықталып жатыр.
Сондай-ақ Тараздың Жамбыл даңғылында «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлік өртеніп кетті. Алдын ала жасалған болжам бойынша көлікті қасақана өртеп жіберген. Материалдық шығын анықталып жатыр.
Сонымен бірге жеке секторда, тұрғын үйдің ауласында тұрған «Мerсedes-Benz-300D» маркалы көліктің моторы жанып кеткен.
«Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған, зардап кеккендер жоқ, келген материалдық шығын анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.