Жамбыл облысында Конституцияның 20 жылдығына орай бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 тамыз күні Жамбыл облысы Жалпақтөбе ауылында 100 келушіге арналған емхананың ашылу салтанаты болып өтті. Ел Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында беріліп отырған емхананың ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, ауыл тұрғындарын қос қуанышпен құттықтады.
None
None

Салтанатты жиында Полатқосшы ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдулхалил Маюфи сөз алып, облыс, аудан басшыларына сәулетті ғимаратты сыйға тартқандары үшін ауыл тұрғындары атынан алғысын жеткізді.

Сонымен бірге 28 тамыз күні Бесағаш ауылының кішкентай бүлдіршіндері Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі қарсаңында үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені осында 75 балаға арналған «Күншуақ» шағын орталығы салтанатты жағдайда ашылды. Салтанатты жиында Жамбыл ауданының әкімі Мәден Мұсаев сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындарын, барша балғындарды қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков те өзінің текті тілегі мен ақ батасын жеткізген.

Соңғы жаңалықтар