00:57, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Жамбыл облысында күшті жел тұрып, аяз болады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында дауыл соғатыны жайлы ескерту жарияланды, деп хабарлайды аймақтың ТЖД-інің баспасөз қызметінен.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Жамбыл облысының аумағында 29-30 наурыз аралығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді, таулы аймақтарда ол 30 м/с асады. Түнде ауа температурасы -3,-8 градусқа дейін төмендейді.
Жамбыл облысының ТЖД бұл туралы қала және аудан әкімдеріне телефонограмма жолдап, жұртшылыққа смс-хабарламалар және телеарна арқылы ескертуде.
Естеріңізге сала кетейік, 24 наурыз күні екпіні 30 м/с дейін соққан жел Талас, Сарысу, Жамбыл және Жуалы аудандарындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарына зақым келтірген еді.