Жамбыл облысында масақты дақылдарға 104 мың гектар жер арналып отыр

ТАРАЗ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында масақты дақылдарға 104 мың гектар жер арналып отыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Жамбыл облысында масақты  дақылдарға  104 мың гектар     жер  арналып отыр

Басқарма бастығы Мұрат Асылбековтың айтуынша, аймақтың астыққа деген сұранысын толық қамтамасыз ететін арпа-бидайды өсіру үшін осынша егін алқабы жетіп қалады. Майлы дақылдар (сафлор) өсіруге - 67 мың гектар, біржылдық және көпжылдық жемшөпке - 30 мыңға жуық гектар жер бөлініп отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс көктемгі дала жұмыстарына сақадай сай: барлық шаруашылықтар тұқымдықты, техниканы алдын-ала дайындап қойған. Жанар-жағармайдың кепілдендірілген қоры бар - 69 теңге/литр бағамен 4 мың тоннадан астам отын қоры жасақталған. Биылғы ауа райы дала жұмыстарын уақтылы және жедел жүргізуге мүмкіндік беріп отыр, жақсы астықтан да үміт жоқ емес.