Жамбыл облысында мектеп директорларының арасында жемқорлық өсіп келеді
«Білім беру жүйесінің маңызды проблемаларының бірі - кадрлар. Сондықтан да бүгінде мектеп директорларының сапалық құрамын жақсарту мәселесін қайта көтеруге мәжбүрміз», - деп атап көрсетті облыс әкімі Бөрібай Жексембин мектеп директорларының кеңесінде.
Өткен жылы 25 мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалса, ағымдағы жылдың 6 айында 15 директорға қатысты қылмыстық іс көтеріліп отыр. Егер былтыр 46 директор тәртіптік жауапкершілікке тартылса, биылғы жылдың 6 айында 26 адам жауапкершілікке тартылды.
Былтырғы тамыз конференциясынан кейін 86 білім ошағына жаңа басшы тағайындалды. Оның 70-і - жұмысқа конкурс бойынша қабылданса, қалғандарын білім бөлімі облыстық әкімдіктің білім басқармасымен келісе отырып тағайындады.