09:15, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Жамбыл облысында өндіріс деңгейі өсіп келеді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында өндіріс көрсеткіші өскен, деп хабарлайды аймақ әкімдігінің облыстық статистика басқармасы.

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2010 жылдың бес айының қорытындысы бойынша, облыс кәсіпорындары 43 812,1 млн. теңгенің өнімін шығарған. Жеке тұлғалардың индексі 2010 жылдың мамыр айында 106,1 пайызды құраған.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірістің көлемі аймақтағы он ауданның тоғызында байқалған: Қордай ауданында 65,5 пайыз, Талас ауданында 34,4 пайыз, Тұрар Рысқұлов ауданында 16,7 пайыз, Жамбыл ауданында 16,1 пайыз, Байзақ ауданында 15,5 пайыз, Мерке ауданында 15 пайыз, Жуалы ауданында өндірістің көлемі жеті пайызға артқан.
Үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, 2010 жылғы мамыр айының соңына қарай жұмыссыздар ретінде тіркелген халықтың саны 4 267 адамға жеткен.