Жамбыл облысында Ресейден ұрланған таңдаулы аттарды тасымалдаушылар ұсталды

Құжаттарын тексеру кезінде жүкпен ілесіп келе жатқан ОҚО екі тұрғыны тек 55 атқа жүкқұжат көрсете алды, құжаттардағы айырмашылықтардың себебін түсіндіре алмады. Осыған байланысты автокөліктер Жамбыл ауданы ІІБ-ға әрі қарай қарауға жеткізілді.
Ұсталған автокөліктердің жүргізушілері, Жамбыл облысының тұрғындары, Ресей Федерациясында малды ОҚО-ға жеткізу үшін жалданғанын түсіндірді.
Алдын ала тексеру барысында Ресей Федерациясының құқыққорғау органдарына жолданған сұраулар бойынша аттардың Хакасия Республикасында ұрланып,Қазақстан аумағында заңсыз тасымалданғаны анықталды. Алып жүруші адамдар тасымалданушы малды оларға ұлты кавказдық ер адам 1,75 млн. рубльге сатқанын түсіндірді.
Жамбыл облысына келген аттардың иесі, РФ азаматы, арасында құны 30 мыңнан 40 мыңға дейін АҚШ доллар тұратын таңдаулы тұқымды түрлері бар өзінің ұрланған аттарын таныды.
Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, қазіргі уақытта Жамбыл облысының полицейлері аталған қылмысты тергеуге Ресей Федерациясынан келген әріптестеріне көмектесуде.
«Бөтен біреудің мүлігін ұрлауға тиімді қарсы әрекет ету мақсатында ҚР ІІМ 2012-2014 жылдарға арналған бөтен біреудің мүлігін ұрлауға қарсы әрекет ету жөніндегі бағдарламаны әзірледі және енгізді, - деп атап айтты аймақтың құқыққорғау ведомствосының баспасөз қызметінде. - Жақында Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ және Қырғыз Республикасы ІІМ өкілдерінің қызметтік кездесуі өтті, мал ұрлауға қарсы әрекет ету жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспарына қол қойылды. Жамбыл облысы ІІД осы мәселе бойынша кешенді бағдарламаны әзірледі. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап облыс аумағында заңсыз мал тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жергілікті жұмыс жүргізілуде».