Жамбыл облысында Сарысу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Жангелді Омаров Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды,

Жамбыл облысында Сарысу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Ж.Омаров 1959 жылы дүниеге келген, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, инженер-механик, саясаттанушы мамандығы бойынша Алматы басқару және саясаттану институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы Сарысу ауданындағы «Коммунар» қой шаруашылығында инженер болып бастаған.

Әртүрлі партиялық қызметтерде еңбек етіп, Сарысу ауданы әкімшілігінде жұмыс істеген, сонымен қатар «Дәулет» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры, «Әулие-Ата құсы» АҚ-ның бас инженері, «Елжан және К» ЖШС президенті, Сарысу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыу-инспекторлық бөлімінде бас инспектор, Жамбыл облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы, Қызылорда және Оңтүсті Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» аймақаралық көлік бақылау инспекциясында автомобиль тасымалын бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Соңғы уақытта Шу ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.