20:07, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбыры бөлігінің құрылысы басталды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ұзындығы 1304,5 шақырымдық «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбырының 476 шақырымы Жамбыл облысында барлық тиісті инфрақұрылымымен салынады.

ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ақпанның 10-ында Жамбыл облысында басталған құрылыс жобасының алғашқы кезеңін жүзеге асыруда осы учаскеге салынған инвестиция 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.Газ құбыры Қазақстанның үш облысын (ОҚО, Жамбыл және Алматы) басып өтіп, Қытай шекарасына (Қорғас) дейін жетеді.Жамбыл жеріндегі газ құбырының 400 шақырымынан астамына құбыр төселді, құрылыс жұмыстарына 700-ден астам техника тартылды. Оған «Қазқұрылысжелісервис» қазақстандық компаниясынан 665 адам, «Қытай құрылыс компаниясынан» - 306 адам қатысуда. Бүгінде бас мердігер ? «Азиялық газ құбыры» ЖШС газ құбыры басып өтетін аймақтың жер пайдаланушыларына шығын өтемақысын өтеу жұмысын жүргізуде. Жамбыл облысының жеті ауданындағы 3,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мен орман алқаптарының құнына республика бюджетіне 872 млн. теңге төленген. Магистралдық газ құбыры аймағына кіретін жеке жер пайдаланушылармен шығындарын өтеу үшін шарттар жасалуда. Газ құбырының Жамбыл облысындағы тармағының құрылысы 2009 жылдың соңына қарай аяқталмақ.