Жамбыл облысында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тағы бір нысаны - электрометаллургиялық шағын зауыт іске қосылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/- Жамбыл облысында Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының кезекті нысаны - электрометаллургиялық шағын зауыт іске қосылды.
Жылына 120 мың тонна өнім шығара алатын, 3,25 млн. теңгеге салынған зауытты Тараздағы «Қосалқы бөлшектер» АҚ жүзеге асырды. Жаңадан 843 жұмыс орны ашылды.
Жалпы алғанда, 2010 жылы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жалпы құны 55,95 млрд. теңге болатын сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылды, сол арқылы 3,3 мың жұмыс орны ашылған.