Жамбыл облысында үш жылда балабақша кезегі екі есе қысқарды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік негізіндегі мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің саны артуда.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Конституциясының 20 жылдығын тойлау кезінде «Бәйтерек» шағын ауданында жаңа «Еркеназ» балабақшасының ашылу салтанаты өтті. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жалпы сыйымдылығы 280 балаға арналған балабақша салуға 473 млн. теңгедей жұмсалды.

Облыстық әкімдікте балабақшаға деген кезекті қысқарту мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы шешіліп жатқанын атап өтті. 2012 жылдың басында кезек 24 мыңнан астам баланы құраса, қазір бұл сан екі есеге қысқарды.

«2010 жылы Жамбыл облысында екі жекеменшік балабақша ғана жұмыс істеген. Ал қазір олардың саны - 29. Мұнда 3 100 бала тәрбиеленеді, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. - Мемлекет басшысының балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыздық қамту тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жүргізіліп, жемістерін беріп жатыр. Биыл 280 орындық «Айнелек», 300 орындық «Аю», 80 орындық «Алпамыс» балабақшалары мен 70 орындық тағы екі жекеменшік балабақшасы ашылды. Жыл соңына дейін 280 орынға шақталған тағы бір жаңа «Арай» балабақшасын ашу көзделген».

Жамбыл облысында қазір 411 балабақша бар, олардың 169 шағын орталық. Онда 44 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 50,8%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бұл көрсеткіш 70,7 % құрайды.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010 жылдан бастап аймақта 240 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі (96 балабақша мен 144 шағын орталық) ашылды. Онда 24 953 балақай тәрбиеленеді. Бұл 96 балабақшаның 16 құрылыс есебінен, 15 - жекешелендірілген балабақшаларды сатып алу негізінде, 22 мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы, 20 қайтару негізінде, 23 ғимараттар мен тұрғын үйлерді балабақша ретінде құрылымдау негізінде ашылды, деді баспасөз қызметінеде.

Мемлекет басшысының 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыздық қамту тапсырмасын орындау үшін өңірде жеті жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша 2020 дейін кем дегенде 88 балабақша мен 53 шағын орталық салу көзделген.

Соңғы жаңалықтар