Жамбыл облысында жанармай мәселесі бақылауда тұр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2008 жылдың желтоқсан айында өңірдің барлық жанармай құю стансыларында бензин мен дизель отыны бағасының төмендеу үрдісі байқалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазагромаркетинг» АҚ мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылғы желтоқсанның 2-сінен 30-ына дейін АИ-80 (литрі 57-ден 56 теңгеге дейін), АИ-93 (литрі 79-дан 78-ге дейін), АИ-96 бензиндерінің (90-нан 88-ге дейін), дизель отынының (67-ден 62-ге дейін) бағалары арзандады. Жанар-жағармайларының арзандауына байланысты 2008 жылғы қарашаның 1-інен автобус жолаушылар көлігінде жол жүру бағасы ересектер үшін 35-тен 30 теңгеге, студенттер үшін ? 30-дан 25 теңгеге, оқушыларға ? 20-дан 15 теңгеге арзандады. Облыстық салық комиетінің мәліметіне қарағанда, облыста 275 жанармай құю стансысы, соның ішінде Таразда ? 108 май құю бекеті бар.Тараз қаласында ең ірі кәсіпорындар мұнай өнімдерін көтерме бағаға сатумен жүйелі айналысады.
Соңғы жаңалықтар