Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен балалар саны артуда

ТАРАЗ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында балалардың қатысумен болған жол-көлік оқиғаларының саны көбейіп келеді, деді өңірдің ІІД.

Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен балалар саны артуда

Құқыққорғау ведомствосының мәліметі бойынша, биылғы жылы облыс жолдарында балалардың қатысуымен 180 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 11 бала өмірмен қоштасса, 203 бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.

2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балалардың қатысумен болған жол апаты 109,3 пайызға артып, жараланғандар 116 пайызға көбейді. Ал қаза болғандар 26,7 пайызға азайған.

«Балалардың қатысумен болатын жол апатттарының алдын алу үшін «Назар салыңыз - балалар!» республикалық алдын алу шарасы өңірде жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.