Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жамбыл облысында «Жол картасы» бағдарламасының аясында жөндеу мен қайта жаңартуды қажет ететін 267 жоба толығымен жүзеге асырылуда

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жамбыл облысында «Жол картасы» бағдарламасының аясында жөндеу мен қайта жөндеуді қажет ететін 267 жоба қарастырылған.

Жамбыл облысында «Жол картасы» бағдарламасының аясында жөндеу мен қайта жаңартуды қажет ететін 267 жоба толығымен жүзеге асырылуда

Биылғы жылғы  осы жобаларды іске асыруға  7,251 миллиард теңге, атап айтқанда, республикалық бюджеттен - 5,6 миллиард, жергілікті бюджеттен - 1,6 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қыркүйек айының 25-індегі мәліметтер бойынша, қазір 267 нысанның құрылыс жұмыстары толықтай жүргізілуде. Осы уақытта аталмыш жобалар бойынша 5224,9 миллион теңге игерілді. 13 мың 522 жұмыс орны құрылып, 12 мың 206 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың арасында 9 мың 318-і жұмыспен қамту органдарының ықпалымен жүзеге асырылған.