Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жүк пойызының 13 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

«20 сәуір күні 14 сағат 40 минутта Жамбыл бөлімшесінің жолында Луговая-Құрағатты өткелінде жүк пойызының 13 вагоны жолдан шығып кетті. Вагондар «Теміржол жөндеу» АҚ тиесілі. Поездардың қозғалысы тоқтады. Оқиға орнына Жамбыл мен Шу станцияларында орналасқан қалпына келтіруші пойыздар жөнелтілді» , - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән-жай анықталуда.